Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінің ауа райын солтүстік циклонның терең жырасы айқындайтын болады. Осыған байланысты ауа райының құбылмалығы күтіледі.
– Елдің басым бөлігінде қар жауады, еліміздің шығысында қалың қар жауып, бұрқасын күтіледі, оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. Таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болады деп болжануда. Елдің батысы мен солтүстік-батысында кең ауқымды Скандинавиялық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, – делінген хабарламада.
Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-13 градусқа, ал солтүстік-батыста 13-25 градусқа дейін төмендейді.
Еліміздің солтүстігінде 20-25 градус аяз болжанады. Ал, Қазақстанның орталығында термометр 15-28 градус аяз болады, шығыста 18-26 градус, оңтүстік-шығыс өңірлерде 8-21 градусқа дейін ауа температурасының төмендеуі күтіледі.