Республиканың басым бөлігінде қар жауып, бұрқасын болады, ал еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында қалың қар жауады.
Батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болжанады, ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қар жауады.
Ел аумағында тұман, көктайғақ болып, сондай-ақ жел күшейеді.
Температуралық фонға келсек, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы -0-5 градустан -18-30 градус аязға дейін күрт ауытқиды, ал Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында -33-35 градусқа дейін аяз болады. Елдің қалған аумағында ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.