Алдағы күндері 43 градус ыстық болады

244

Республиканың тек батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Алдағы күндері 43 градус ыстық болады Фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 4-6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Таяу күндері Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон өз ықпалын сақтайды, соған байланысты жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел болады.

Жаңбыр 5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде шығыста болады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Сондай-ақ, еліміздің батысында күндіз +33+43°С дейін өте қатты ыстық болады деп болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу