Алдағы күндері 43 градусқа дейін аптап ыстық болады

431

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Алдағы күндері 43 градусқа дейін аптап ыстық болады Фото: aikyn.kz

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың басым бөлігінде күн ыстық болады.

"Бүкіл кезеңде солтүстікте, орталықта, 11-12 шілдеде солтүстік-батыста, 12-13 шілдеде оңтүстікте, 13 шілдеде Қазақстанның оңтүстік-шығысында 43°С-қа дейін өте қатты ыстық болажанады", делінген хабарламада.

Болжам бойынша, республиканың батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн ашық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу