Алдағы күндері Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

513

5-7 наурыз аралығында Алматыдағы Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алдағы күндері Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін Фото: gov.kz

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына таяу күндері көшкін қаупіне байланысты тауға шықпауға кеңес береді.

"5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде қар көшкіні болуы мүмкін. Осыған байланысты қар көшкінін туғызбау үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға шығудан бас тартқан дұрыс", - делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу