Алдағы күндері Астанада қар жауып, қатты жел тұрады

872

Алдағы күндері Астанада қар жауып, қатты жел тұрады

Қаңтардың 4-інен 6-сына дейін елордада жел соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Осы күндері қар мен бұрқасын болады деп болжанып отыр.

Бүгін Астанада күн бұлтты, аздап қар жауады. Ауа температурасы 0...-2°С, түнде -4...-6°С. Таңертеңнен бері оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кейде 20 м/с жетіп, ертең де сақталады.

5 қаңтарда көшпелі бұлт шығып, оқтын-оқтын қар жауады, сырғыма боран соғады. Термометр бағаны күндіз -4...-6°С, түнде -6...-8°С көрсетеді.

Арғы күні де аздап қар жауып, жел тұрады. Ауа температурасы күндіз -8...-10°С, түнде -12...-14°С.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының бұзылуына байланысты елордада бүгін таңертең қар жинау жұмыстарының қарқыны күшейтілді. "Астана Тазалық" ЖШС-інен 376 арнайы техника көшеге шықты, 245 жол жұмыскері санитарлық тазарту жұмыстарына тартылды. 2016 жылдың 13 қазанынан 2017 жылдың 3 қаңтарына дейін қала аумағынан 1 861 151 текше метр қар шығарылды. Осы кезеңде көктайғақпен күресте 21 176 текше метр құм-тұз қоспасы және 1 118,35 тонна "Айсмелт" реагенті себілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу