Алдағы күндері ауа райы қандай болады

137

Синоптиктер 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК дерегінше, Қазақстанға солтүстік-батыс циклон әсер етеді. Циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады.

"Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қалың қар түседі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болады. Батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа температурасы түнде минус 2-10 градустан минус 18-23 градус аязға дейін, күндіз минус 5-15 градус аяз, орталықта және шығыста түнде минус 0-8 градус аяз, күндіз минус 3 граду аяз болады. Оңтүстік өңірлерде ауа температурасы түнде минус 3-6 градус аяз болса, күндіз плюс 9-17 градус жылы болады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу