Синоптиктер 14-16 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынып отыр.
Елімізде орныққан аяз, Сібір антициклонының әсерінен туындаған ауа температурасы нормадан 7-12ºС төмен болады.
Алайда синоптиктер алдағы бірнеше күн ішінде ауа райының өзгеретінін болжап отыр. Циклон Орта жер теңізінің шығыс жағалауында қалыптасып, Қазақстанның оңтүстігіне қарай 16 ақпанда жылжи бастайды, бірақ еліміздің барлық аймағында тек жауын-шашын ғана емес, біраз жылу да алып келеді.
"Батыста, түнде -13-23-тен -3-8-ға дейін, кей жерлерде -11-160 аяз, солтүстік, шығыс пен орталықта -20-30-дан -17-25-ке дейін нөлден төмен, оңтүстік өңірлерде -0-50, кей жерлерде -10-15 нөлден төмен, Қызылорда облысында -10-15, кей жерлерінде -20 аяз болады", - делінген Қазгидрометтің ақпаратында.