Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

199

Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді Фото: Pixabay.com

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"1-2 мамырда еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жауын-шашын болады, түнгі уақыттарда жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал, найзағай, еліміздің оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша екпінді жел күшейеді, түнде солтүстік, шығыс өңірлерде тұман болады деп болжануда", - деді "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Скандинавия аймақтарынан енген салқын антициклон жотасы әсерінен, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы. Сондай-ақ, суық фронт біртіндеп еліміздің оңтүстік аймақтарына қарай жылжиды, онда ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы.

30 сәуір - 4 мамыр аралығында негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашын күтілуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының аумағында беткейлік ағындардың қалыптасуы, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтіледі, қауіпті деңгейден асуы, сондай-ақ кішігірім өзендер мен бұлақтардың, уақытша арналардың сулылығы кобеюі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу