Кәсіпорын мәліметінше, Қазақстан бойынша 18-20 қаңтарда аяз біртіндеп әлсіреп, күн жылып, қар жауады.
"Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсері төмендеп, күн жыли бастайды, қар жауады. Ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады, көбіне қар жауады, көктайғақ болып, боран соғып, жел күшейеді. Түнде және таңертең ел аумағында тұман болады деп болжанып отыр", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу