Алдағы күндері ел аумағы жауын-шашынды болады

455

Өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді.  

Алдағы күндері ел аумағы жауын-шашынды болады Фото: azattyq-ruhy.kz

"Қазгидромет" РМК мамандары 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz .

Синоптиктер болжамынша, алдағы үш күнде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 21-22 сәуірде солтүстікте және шығыста, 22 сәуірде республиканың оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Еліміз бойынша найзағай ойнайды, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр және қар жауып, көктайғақ болады.

"Скандинавия аймақтарынан келетін солтүстік-батыс антициклоны ықпалынан республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады", - делінген хабарламада.

Республикада тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу