Алдағы күндері ел аумағын тұман басып, қатты жел соғады

178

"Қазгидромет" қызметі Қазақстан бойынша 24-25 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері ел аумағын тұман басып, қатты жел соғады Фото: BBC

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде белсенді циклон шығыс бағытта ауысып, жаңбыр жауатынын мәлімдеді.

Олардың айтуынша, найзағай соғып, қатты жел болады деген болжам бар. Ал 24 тамызда солтүстікте және орталықта, 24-25 тамызда шығыс пен оңтүстік-шығыста қатты бұршақ аралас жаңбыр жауады.

"Түнде және таңертең еліміздің батысы мен солтүстігіндегі жекелеген аудандарда тұман басады. Ауа температурасы бойынша басқа күрт өзгерістер болмайды", – делінген синоптиктер хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу