Алдағы күндері ел аумағында –23 градусқа дейін аяз болады

161

"Қазгидромет" синоптиктері демалыс күндерге арналған 3 күндегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері ел аумағында –23 градусқа дейін аяз болады Фото: Пикабу

"Қазақстан аумағының басым бөлігінің ауа райын Сібір антициклоны қалыптастырады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, таулы аудандарда көктайғақ болжанады. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда түседі", – делінген хабарламады.

Синоптиктердің болжамы бойынша Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градус аяз, еліміздің қиыр шығысында –23 градусқа  дейін төмендейді деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу