Алдағы күндері ел аумағында 30 градусқа дейін ыстық болады

99

Синоптиктер елімізде күн жылынып, кей өңірлерде жауын-шашын, көктайғақ болатынын болжап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері ел аумағында 30 градусқа дейін ыстық болады Фото: Известия

Қазақстан бойынша көктемгі ауа райы орнайды деп болжанады: оңтүстік өңірлерде күн айтарлықтай жылынады. Ал солтүстікте әлі де жауын-шашын мен көктайғақ болуы мүмкін.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, елордада алдағы күндері күн аздап жылынады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Астанада 17 наурыз күні ауа температурасы +5 + 7 °C болады, желдің жылдамдығы – 9-14, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Ал кешке елордада ауа температурасы 0, -2 °C дейін төмендейді.

18 наурызда Астанада күндіз ауа температурасы +7+9 °C-қа жетеді, желдің екпіні 15-20 м/с дейін, ал түнде +1+3 °C-қа дейін төмендейді.

19 наурызда елордада күндіз ауа температурасы +7 + 9 °C, желдің жылдамдығы 9-14 м/с, түнде 0, +2 °C дейін салқын болады.

Алматыда 17 наурызда ауа температурасы күндіз +15+17 °C, желдің жылдамдығы 2-7м/с, түнде +2+4 °C болады.

18 наурызда Алматыда күндіз +18+20 °C дейін, түнде +5+7 °C дейін күн жылынады.

19 наурызда ауа температурасы күндіз +20+22 °C, түнде +7 + 9 °C дейін жылиды. Желдің жылдамдығы 2-7м/с болады.

Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жаңбыр мен қар, тұман және көктайғақ түрінде жауын-шашын болады. Түнде ауа температурасы -3-тен +2°С, күндіз + 4...+9°С.

Елдің батыс бөлігі – Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз. Бірақ күші 20 м/с дейін жел мен шаңды дауыл тұрады.

Күндізгі ауа температурасы +18...+24°С, түнде +5...+12°С.

Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл және Жетісу облыстарында күн жылы және жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы + 20...+25°С, түнде + 4...+9°С.

Шығыс өңірлерде – Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында ауа райы жауын-шашынсыз болады, кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +3...+8°С, түнде -10...-2°С.

Орталық өңірлерде – Қарағанды облысы мен Ұлытау облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Кейде тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Түнде ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 10 градусқа дейін.

Шымкент тұрғындарын алдағы үш күнде жылы ауа райы қуантайын деп тұр. Көшпелі бұлт шығады және оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+9°С, күндіз +20...+27°С.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу