Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де ауқымды циклонның әсерінде екенін айтады. Соған байланысты бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауып, жауын-шашын түсуі ықтимал. Таулы аймақтарда боран соғып, көктайғақ болады.
Республика бойынша желдің екпіні секундына 15-20 метр жылдамдықпен сақталады. Кей жерлерде 23-28 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Келесі күндері ауа райының температуралық фоны өзгереді:
Батыс өңірлерде түнде 3-18 градустан 0-5 градусқа дейін, күндіз -5 градустан +3 градусқа дейін болады.
Солтүстік-батыс өңірінде түнгі температура 7-23 градустан 0-15 градусқа дейін, күндіз -3-15 градустан 0-5 градусқа дейін өзгереді.
Солтүстік және орталық өңірлерде түнде 15-23 градустан -5-15 градусқа дейін, күндіз -10-18 градустан -3-8 градусқа дейін көтеріледі.
Шығыс өңірлерде түнгі температура 12-28 градустан -7-20 градусқа дейін, күндіз -7-18 градустан -5-15 градусқа дейін болады.
Оңтүстік өңірлерде түнгі температура 3-20 градустан -3-12 градусқа дейін, күндізгі негізгі фон -0-8 градус.
Оңтүстік-шығыста түнде және күндіз 0-5 градус шамасында, ал таулы аймақтарда -8-13 градусқа дейін болады.
Синоптиктер ауа райының құбылмалы болатынын ескертеді. Сондықтан жолға шығар алдында ауа райын ескеруге кеңес береді.