Алдағы күндері ел аумағында күн күрт суиды

682

Синоптиктер Қазақстанда 14, 15 және 16 мамырда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері ел аумағында күн күрт суиды Фото: freepik

Метеорологтардың болжамынша, алдағы тәуліктерде Қазақстандағы ауа райы оңтүстік циклонмен және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелермен анықталады: еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, нөсер жауады, бұршақ жаууы мүмкін, екпінді жел соғады. Еліміздің солтүстігі мен орталығында 14-15 мамырда, шығыста 15-16 мамырда, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 16 мамырда нөсер жауады деп күтіледі.

"16 мамырдан бастап солтүстік-батыс шапқыншылығымен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу