Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптасады. Бұл ауа-райының тұрақсыз болуына әсер етеді.
Елдің солтүстігінде, орталық аймақтарында аздаған қар, оңтүстігінде, шығыс аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болжануда. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша тұман болады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу