Алдағы күндері елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді

550

Еліміздің батысында ғана жауын шашынсыз жылы ауа райы сақталады.

Алдағы күндері елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді Фото: inbusiness.kz

"Қазгиромет" РМК қызметкерлері 28-30 қыркүйек аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Синоптиктер мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай мен екпінді жел болады.

"Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батысы антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы әлі де сақталады. Түнде және таңертең Қазақстанның солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі", делінген  хабарламада. 

Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады, температуралық фонда елеулі өзгерістер болмайды.

Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 жылы, таулы аудандарда 8-13 жылы болып, біртіндеп төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу