Алдағы күндері елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

163

Қазгидромет 13, 14, 15 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады Фото: Известия

Республиканың солтүстік өңірлеріндегі ауа райына бұрынғыдай солтүстік циклон әсер етеді, оңтүстік өңірлер оңтүстік циклонның ықпалында болады, сондықтан қар жауып, боран соғады.

"14 ақпанда Қызылорда, 14-15 ақпанда Түркістан, 15 ақпанда Жамбыл, Алматы облыстарында, Жетісу облысында қалың қар, күндіз оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ құбылыстары болжанады", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, бүкіл республика бойынша жел соғып, тұман түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу