Алдағы күндері елімізде 32 градусқа дейін аяз болады

400

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 ақпанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Алдағы күндері елімізде 32 градусқа дейін аяз болады Фото: inbusiness.kz

Болжам бойынша, 13-14 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде фронтал бөліктер ықпалынан тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, солтүстік облыстарда қатты қар, бұрқасын, көктайғақ, сондай-ақ батыста ауа температурасы 5 градус аяз – 5 градус жылы, солтүстік, орталық, шығыс облыстарда 5 градус аяз – 2 градус жылыға дейін көтеріледі деп күтіледі.

"Айдың ортасына қарай циклон Қазақстан аумағынан шығып, оның орнын арктикалық антициклон басады, оның әсерінен республиканың солтүстік жартысында аяз болады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде 15 ақпанға қарай ауа температурасы түнде 22-32, күндіз 15-27 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі. Елдің қалған бөлігінде температура фонында күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу