Қазгидромет мәліметінше, республиканың басым бөлігінің ауа-райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайды, жаңбыр, найзағай, оңтүстік-шығыста бұршақ сақталатын болады. 23-25 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ауысады) болады деп болжануда. Сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі күтілуде, республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде – шаңды дауыл.
"Қазақстан бойынша күндіз ауа температурасының фоны батыс өңірлерде 29-34 градус жылы, солтүстік-батыста 25-30 градус жылы, солтүстікте 23-28 градусқа дейін жоғарылауы болжанады, оңтүстікте 23-31 градус жылы, шығыс және оңтүстік-шығыста 15-25 жылы күтіледі", делінген хабарламада.