Алдағы күндері еліміздің барлық аумағы жауын-шашынды болады

227

Қазақстандық синоптиктер 2023 жылғы 21-23 желтоқсан аралығындағы күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері еліміздің барлық аумағы жауын-шашынды болады Фото: inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, кезеңнің басында еліміздің солтүстік және шығыс бөліктерінде, сондай-ақ орталығында атмосфералық фронттардың өтуімен түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), ал түнде солтүстікте және шығыста қалың қар жауады деп болжанды. 23 желтоқсан күні солтүстік-батыс циклонының әсерінен республиканың батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

"Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын болады, желдің екпіні 15-20, 25 м/с болады, тұман түседі", – делінген хабарламада.

Дегенмен, болжам бойынша, ауа температурасында күрт өзгеріс болмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу