Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады

447

"Қазгидромет" РМК 4-6 шілде аралығына күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады Фото: БелТА

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады: жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі.

"6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы қалыптасатыны болжанады.

Сондай-ақ батыста күндізгі ауа температурасы біртіндеп +33+39°С дейін жоғарылайды, ал республиканың қалған бөлігінде температура: солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін, солтүстікте +25+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін, оңтүстікте +25+38°С дейін аздап төмендейді", - делінген синоптиктер мәліметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу