Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

561

Синоптиктер 8-10 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады Фото: inbusiness.kz

Болжамға сүйенсек, Қазақстанның орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады.

"Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн райы құбылмалы болады, республиканың орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында дауылды жел тұрып, бұршақ аралас жаңбыр жауады", делінген хабарламада.

Синоптиктер температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс болмайтынын болжады. Еліміздің батыс аймақтарында күн ашық әрі ыстық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу