Алдағы күндері еліміздің қай өңірлерінде қатты ыстық болады?

1549

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері еліміздің қай өңірлерінде қатты ыстық болады? Фото: freepik

Алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн күркіреп, бұршақ жауып, жел соғады.

"5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде елдің шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, елдің батысында күндіз +33+43 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу