Алдағы күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік жүреді

400

Қазгидромет синоптиктері 15-17 маусым күндері ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдағы күндері еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік жүреді Фото: google.com

Болжам бойынша еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік жүреді.

"Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстары қысымның жоғарылау аймағында болады. Бұл өңірлерде түнде ауа температурасы +2+10°С-қа дейін төмендейді, топырақ бетінде -2°С үсік жүреді, ал күндіз ауа массасы бірте-бірте +20+28°С-тан +25+32°С-қа дейін жылынады", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен  қалыптасып, будақ-жаңбырлы бұлттар пайда болуы мүмкін екенін айтты: найзағай ойнап, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу