Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде боран, оңтүстігінде аяз болады

140

"Қазгидромет" РМҚ 4-6 қараша күндекріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері еліміздің солтүстігінде боран, оңтүстігінде аяз болады Фото: freepik

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері республика аумағы Атлант мұхитынан келетін циклонның ықпалында болады.

"Елдің басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен қар) мен желдің күшеюін тудырады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, ал солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын күтіледі", – делінген хабарламада.

Тек республиканың батыс аймағында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қатты жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) күтіледі, ал республиканың солтүстік бөлігінде кей жерлерде күшті қар жауады", – деп жазды "Қазгидромет" РМҚ.

Ауа температурасының күндізгі уақытта күрт төмендеуі болжанады: солтүстік пен орталықта -2…-10°С, оңтүстік және оңтүстік-шығыста +2…+7°С шамасында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу