Алдағы күндері елордада күн бұлтты болып, қар жауады

1070

"Қазгидромет" алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. 

Алдағы күндері елордада күн бұлтты болып, қар жауады

Алдағы күндері елордада күн бұлтты болып, қар жауады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша бүгін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 7-12 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде – 15-17°С, күндіз – 8-10°С.

Ертең, 26 ақпанда Астанада күн бұлтты болады, күндіз қар жауады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 7-12, күндіз 15 м/с дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде – 13-15°С, күндіз 0,-2°С көрсетеді.

27 ақпанда күн бұлтты болып, қар жауады. Оңтүстік-батыстан жылдамдығы 9-14 м/с жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде – 7-9°С, күндіз 2-4°С құрамақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу