Алдағы күндері қазақстандықтарды қандай ауа-райы күтіп тұр?

357

Синоптиктер 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығына арналған ауа-райы болжамын ұсынды. 

Алдағы күндері қазақстандықтарды қандай ауа-райы күтіп тұр?  Фото: inbusiness.kz

Алдағы күндері республиканың ауа райына циклондар мен антициклондардың барикалық түзілімдерінің жылдам өзгеруі әсер етеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РММ-не сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, ал солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс облыстарда қатты жауын-шашынның жаууы болжануда. Тек оңтүстік-батыста және 1-2 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы болуы ықтимал. Жалпы, Қазақстан бойынша, тұман, көктайғақ, жел күшейіп, боран соғатыны болжанып отыр. Алайда, температура аясында күрт өзгерістер байқалмайды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу