Алдағы күндері кей өңірде 33 градус аяз болады

98

Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері кей өңірде 33 градус аяз болады Фото: canva

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман басады, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.

Температуралық фонда біртіндеп жылынады: Елдің батысында түнде 15–25° аяздан 2–12° аязға дейін, күндіз 5–15° аяздан 5° аяз – 5° жылыға дейін. 

Солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде 20–31° аяздан 15–25° аязға дейін, күндіз 15–22° аяздан 5–13° аязға дейін.

Орталығында түнде 20–31° аяздан 12–23° аязға дейін, күндіз 10–20° аяздан 1–12° аязға дейін. Республиканың шығысында түнде ауа температурасы 13–23° аяздан 25–33° аязға дейін төмендейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу