Алдағы күндері кей өңірлерде 45 градусқа дейін ыстық болады

239

Синоптиктер 24-27 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері кей өңірлерде 45 градусқа дейін ыстық болады Фото: freepik

Антициклон жотасы циклонды еліміздің солтүстік-батысына қарай біртіндеп ығыстырады және атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі күтіледі, ал қатты жаңбыр солтүстік-батыста, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстігінде күтіледі.

Ауа температурасы күндіз батыста +23+33°С дейін, солтүстік-батыста +15+28°С дейін, солтүстікте +18+28°С дейін, орталықта +25+35°С дейін төмендейді, шығыста +25+37℃ дейін, оңтүстікте +35+45℃ дейін, оңтүстік-шығыста +35+43℃ дейін жоғарылауы болжанады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу