Алдағы күндері кейбір өңірлерде шектеу енгізілуі мүмкін

1199

Қорғаныс министрлігі өкілдері бұл қандай шектеу екенін түсіндіріп, азаматтарды сабыр сақтауға шақырды. 

Алдағы күндері кейбір өңірлерде шектеу енгізілуі мүмкін Фото: gov.kz

Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық бағдарламасы шеңберінде 11-19 наурыз аралығында Қарағанды облысының аумағында екі жақты командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, жауынгерлік дайындық іс-шаралары кезінде Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарының аумағында күштер мен құралдардың қозғалысы жүзеге асады. Оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында бөлімшелер полигондарға темір жол, әуе және автомобиль көлігі арқылы аралас тәсілмен марш жасайды. Кейін тұрақты орналасу пункттеріне оралады.

Қорғаныс министрлігі өкілдері бұл кезеңде өңірдің кейбір аудандарында шектеу шаралары енгізілуі мүмкін екенін айтты.

"Азаматтардан өтіп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды және тыныштық сақтауды сұраймыз. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерді қолданушылардан әскери техниканың қозғалысы туралы жалған хабарламалар мен бейнематериалдар таратпауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Министрлік өкілдері қолданыстағы заңнамаға сай жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу