Көктемнің алғашқы күндері шуақты болады

353

2-4 наурызда еліміздің басым бөлігінде күн біртіндеп жылымақ. 

Көктемнің алғашқы күндері шуақты болады Фото: freepik

Синоптиктер көктемнің алғашқы күндері ел аймақтарында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазгидромет мамандарының болжамынша, еліміздің басым бөлігінде суық температуралық фон сақталғанымен, алдағы күндері көктемгі күн шуақты болады.

Тіпті еліміздің шығысында түнде ауа температурасы -36 градустан -20 градусқа дейін жоғарылап ызғардың біртіндеп әлсіреуі болжанады. Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында, циклондардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі мен бұлтты ауа-райы басым болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу