Алдағы күндері күн күрт суытады

564

Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында жауын-шашын жалғасады.

Алдағы күндері күн күрт суытады Фото: inbusiness.kz

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді. Қазақстанның шығыс және оңтүстік облыстарында ғана жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Түнде ауа температурасы:

батыста – минус 10-20°С дейін;
солтүстік-батыста және солтүстікте – минус 28-38°С дейін;
қиыр солтүстікте – минус 42°С дейін;
республиканың орталығында және шығысында – минус 28-33°С дейін;
Қазақстанның оңтүстік облыстарында – минус 5-13°С дейін төмендейді.

Республиканың барлық аумағында тұман түсіп, елдің оңтүстік жартысында жел күшейеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу