Алдағы күндері күн суытады

469

"Қазгидромет" синоптиктері 4-6 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдағы күндері күн суытады Фото: baq.kz

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жерорта теңізінен соққан циклон Қазақстанның батыс және оңтүстік облыстарына жаңбыр әкеледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болжанды.

5 және 6 сәуірде еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр, қар жаууы мүмкін.

6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу