Синоптиктер мәліметінше, алдағы тәуліктерде Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, бұрынғыдай еліміздің басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың солтүстігінде және шығысында екпінді жел соғып, бұршақ жауады.
"Елдің батыс аймақтарында қысым күшейеді, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Температура фонында айтарлықтай ауытқу болжанбайды", делінген хабарламада.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        