Алдағы күндері оңтүстік өңірлерде 42 градус аптап ыстық сақталады

353

Еліміздің солтүстігінде жаңбыр жауады

Алдағы күндері оңтүстік өңірлерде 42 градус аптап ыстық сақталады Фото: google.com

Қазгидромет синоптиктері 18-20 шілде аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік жартысына атмосфералық фронттар ықпал етеді.

Соның әсерінен жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай жарқылдап, екпінді жел соғады.

18-19 шілдеде - батыста, солтүстік-батыста, 18-20 шілдеде - солтүстікте және солтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

Осыған байланысты негізінен жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.

18-19 шілдеде күндіз республиканың оңтүстік-шығысында 40-42 градус өте қатты ыстық болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу