Алдағы күндері солтүстікте күн суытып, оңтүстікте аптап ыстық болады

164

"Қазгидромет" синоптиктері 8, 9 және 10 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері солтүстікте күн суытып, оңтүстікте аптап ыстық болады Фото: Толқын

Атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты, алдағы үш күнде жаңбыр мен найзағай, тұман және желдің күшеюі күтілуде.

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыста жаңбырлы ауа райы болады, ал шығыста түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар) күтілуде, – деп хабарлады синоптиктер.

Температуралық фон:

– Батыста түнде температура 5-13–тен 1-9 градусқа дейін төмендейді, күндіз 15-25-тен 10-20 градусқа дейін көтерілетін болады.

– Солтүстікте және орталықта түнде температура 0-8-ден 2-12 градусқа дейін өзгеріп, күндіз 10-20-дан 17-25 градусқа дейін көтеріледі.

– Шығыста түнде температура 2 аяздан 7 жылуға дейін төмендеп, күндіз 13-21-ден 17-25 градусқа дейін жоғарылайды.

– Оңтүстікте түнде 10-15 жылу, күндіз 20-28-ден 23-32 градусқа дейін көтеріледі.

– Оңтүстік–шығыста түнде температура 5-12 жылудан 3 аяздан 2 жылуға дейін төмендейді, ал таулы аудандарда 0-5 аяз болады, күндіз 15-25-тен 12-20 градусқа дейін көтеріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу