Алдағы күндері тағы аяз күшейеді

827

"Қазгидромет" РМК 12-14 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды.  

Алдағы күндері тағы аяз күшейеді

"Аптаның басында Атлантикалық циклон елдің басым бөлігінде жауын-шашын әкеледі: солтүстікте – жаяу бұрқасын жүріп, қар жауады. Ал республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар жауады.

Содан кейін елдің басым бөлігіне Салехард аудандарынан антициклон жылжиды. Осыған байланысты, апта соңына қарай ауа райы ашылып, температура төмендейді деп күтілуде.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын болып, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста – көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі", – деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу