Алдағы күндері жаңбыр қарға ұласып, аяз болады

193

Синоптиктер 24-26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алдағы күндері жаңбыр қарға ұласып, аяз болады Фото: freepik

Алдағы күндері, атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында, 26 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын, қарға ауысатын жаңбыр болжанады, түнде ауа температурасының 2-7 аязға дейін төмендеуі мүмкін.

Қалған территорияда Солтүстік-Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында тұман күтіледі.

Ауа температурасы күндіз: елдің батысында +18+26°С дейін, солтүстігінде, шығысында +5+10°С дейін, орталығында +7+15°С дейін, оңтүстігінде +12+20°С дейін, таулы аймақтарында +2+10°С дейін төмендейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу