Алдағы күндері жаңбыр жауып, үскірік болады

861

Синоптиктер 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамына қатысты деректерді жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Алдағы күндері жаңбыр жауып, үскірік болады

"Қазгидромет" мәліметінше, алдағы үш күнде жаңбыр жауады.

"Екатеринбург аймағынан шыққан циклон, республика аумағы бойынша солтүстік-шығысқа қарай жылжуын жалғастырады және елдің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, елде жаңбыр жауады", – деп жазылған хабарламада.

 

26 мамырда солтүстік-батыста, 27-28 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста, 28 мамырда орталықта найзағай ойнап, жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Кейін солтүстік-батыс антициклонның басып кіруіне байланысты батыста жауын-шашынның тоқтайды, қалған аумақтарда ауа температурасы төмендейді.

26 мамырда түнде және таңертең батыста, 27-28 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу