Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.
"Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай соғады, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Еліміздің солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарында ғана жауын-шашын болмайды", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, республиканың көп бөлігінде температуралық фонның біртіндеп жоғарылауы күтіледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу