Синоптиктердің дерегінше, аптаның ортасында еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында, шығысында және солтүстік-шығысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.
Алайда бұл ретте республиканың солтүстік жартысында және оңтүстік-шығысында қарлы ауа-райы, солтүстігінде бұрқасын сақталады.
15-16 қарашада циклон біртіндеп батыс аймақтарға ауысады. Салдарынан жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі. 14 қарашада еліміздің оңтүстік-шығысында қар жауады. Республика бойынша тұман мен екпінді жел күтіледі.
Түнде ауа температурасы:
батыста 1 -10 градусқа дейін;
солтүстік-батыста және солтүстікте 2 -11 градусқа дейін;
орталықта 5 -13 градусқа дейін;
шығыста 5 -18 градусқа дейін;
оңтүстікте 2-10 градусқа дейін жоғарылайды.
Еліміздің оңтүстік-шығысында түнде 2 -13 аязға дейін төмендейді деп болжануда.