Алдағы мамыр мерекелерге байланысты қосымша пойыздар жолға шығады

1091

Сонымен қатар, жолаушы көп жүретін бірқатар бағытқа қосымша вагондар тіркеледі.

Алдағы мамыр мерекелерге байланысты қосымша пойыздар жолға шығады

Алдағы мамыр мерекелерге байланысты  (Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні) қосымша пойыздар жолға шығады, сондай-ақ қосымша вагондар тіркеледі, деп хабарлайды Жолаушылар тасымалы баспасөз қызметі.

1. №205/206 "Алматы-2-Түркістан" бағыты бойынша:
Алматы-2 ден 2 және 9 мамыр күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 3 және 10 мамыр күндері жүреді. 

2. №207/208 "Ақтөбе-Бейнеу" бағыты бойынша: 
Ақтөбеден 30 сәуір, 2, 4, 7 және 9 мамыр күндері, ал Бейнеуден сәйкесінше 1, 3, 5, 8 және 10 мамыр күндері қосымша пойыз шығарылады. 

3. Қала маңы тасымалы бойынша бір бағыттағы №7510 "Нұр-Сұлтан-1-Павлодар" пойызы Нұр-Сұлтан-1 ден 8 мамыр күні жөнелтіледі. 

Сонымен қатар, жолаушы көп жүретін бірқатар бағытқа қосымша вагондар тіркеледі.

Толық ақпаратты "105" анықтама нөміріне қоңырау шалып, білуге болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу