Алдағы мейрам күндері пойыз билетінің бағасы өспейді

239

Құзырлы орган билет бағасы тұрақты болады деп сендіріп отыр. 

Алдағы мейрам күндері пойыз билетінің бағасы өспейді Фото: ҚТЖ

Көлік министрі Марат Қарабаев алдағы уақытта пойыз билетінің бағасы өсе ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жолаушыларды тасымалдайтын пойыздардың билетінің бағасы ауыспайды. Келесі жылы да, алдағы мерекелерде де ешқандай өзгеріс болмайды. Баға қалыпты күйінде қалады", – деді Марат Қарабаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Министр 1 қазаннан бастап жолаушылар үшін пойыз билетінің бағасы қымбаттағанын айтты. 

"Алдағы уақытта одан басқа қымбаттау жоспарланып отырған жоқ. Баға тұрақты болады", – деп қысқа қайырды ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу