Алдағы референдумның маңызы қандай

781

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің жеке құрамымен кездесті, деп хабарлайды inbusiness.kz министрлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы референдумның маңызы қандай

Сенатор әскери мекеменің тыңдаушылары мен профессорлық-оқытушылық құрамына Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі алдағы референдум туралы айтып, түзетулер Негізгі Заң баптарының үштен біріне әсер ететінін айтты.

"Атап айтқанда, Президент өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде оның саяси партияларға мүше болуына тыйым салынады. Мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Президенттің жақын туыстарына басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ өкілді органдардың өкілеттіктерін қалыптастыру және күшейту тәртібі демократияландырылатын болады. Сонымен қатар, тиісті заң жобасында Конституцияда жер және оның қойнауы, су, өсімдік әлемі және басқа да табиғи ресурстар Қазақстан халқына тиесілі екендігі туралы норманы бекіту туралы маңызды мазмұн жазылған", – деді сенатор Құл-Мұхаммед.

Кездесу барысында әскери қызметшілер тарапынан басқа да конституциялық өзгерістерге қатысты, оның ішінде азаматтардың құқықтарын қорғау тетігіне байланысты мәселелер айтылды. Сенатор сұрақтарға жауап бере отырып, қолданыстағы шаралар айтарлықтай күшейтілетінін атап өтті.

"Азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейту мақсатында Конституциялық сот құрылады, онда азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің негізгі заңға сәйкестігіне өтініш жасай алады. Бұдан былай өлім жазасына толықтай тыйым салынады, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі көтеріледі, оның қызметі Конституциялық заңмен реттеледі", – деді сенатор.

Кездесуге қатысушылар сонымен қатар Конституцияға халықтың елді басқаруға қатысуын арттыру, Парламенттің рөлі мен мәртебесін өзгерту және басқа да бөліктеріндегі өзгерістерді талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу