Алдағы төрт жыл ішінде Қазақстанда криптотеңге пайда болады. Алматы инновациялық паркінің басшысы Санжар Кеттебековтің осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша қазіргі уақытта Астана халықаралық қаржы орталығы мен Алматы Тех Гарден арасында электронды ақша айналымы жөнінде меморандумға қол қойылған. Енді қос ұйым блокчейнді дамытып, криптовалютаға байланысты жобаларды жасауға кіріскен.
Санжар Кеттебеков, "Инновациялық технологиялар паркі" АКҚ бас директоры:
"Біз Астана халықаралық қаржы орталығымен криптовалютаның ең тиімді тұстарын таңдап отырмыз. Ол жаңа модель ИннииалКоин ОФферейн деп аталады. Алдағы уақытта Қазақстан криптовалюта мен криптотокиндерге ең жағымды орта болуы әбден мүмкін. Біз еліміздегі ең алғашқы ұлттық бағдарлама ретінде халықаралық қадам жасап отырмыз".