"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында 9 су қоймасы салынбақ

946

2025 жылы 6 облыста 9 су қоймасы салынады.

"Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында 9 су қоймасы салынбақ

Алдағы уақытта 20 елді мекенге су басу қаупі төнбейді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министр "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы аясында 2025 жылы 6 облыста су көлемі 1,7 млрд текше метр болатын 9 су қоймасы салынатынын жеткізді.

"Нәтижесінде, 20 елді мекенді су басу қаупі азаяды", – деді Серікқали Брекешев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ басшы ұлттық жобаны жүзеге асыру барысында 195 мың гектар жаңа суармалы жер айналымға енетінін атап өтті. 

"Ауыл шаруашылығында 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар биыл Түркістан облысында "Кеңсай-Қосқорған-2" су қоймасының құрылысы аяқталды. Қалған су қоймалары бойынша техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр", – деді министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу