Алдағы уақытта ет бағасы көтерілуі мүмкін

3978

Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев алдағы уақытта ет бағасы көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Алдағы уақытта ет бағасы көтерілуі мүмкін

«Әлемде азық-түлік қымбаттап жатыр. Сондықтан ет бағасы көтерілуі мүмкін. Бірақ нақты болжамды айта алмаймын. Ауыл шаруашылығы министрлігі малдан айырылып қалмауы үшін тиісті жұмысты жүргізеді»,  – деді басшы АШМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев еттің қымбаттауына қатысты жеке пікір білдірді.
«Ауыл шаруашылығы министрі ретінде айтайын. (Ет бағасы көтерілгенде – автор) біртүрлі сезім болады. Біріншіден, мал өсірушілер үшін қуанамын. Олардың жұмысы ауыр ғой, бірақ баға өсіп жатыр. Ал екінші жағынан (ет бағасының көтерілуі – автор) баға қарапайым тұрғындардың қалтасына ауыр салмақ түсірмесін деп ойлаймын. Бұл жұмысты Ауыл шаруашылығы министрлігі ғана емес, Сауда және интеграция министрлігі, жергілікті атқарушы органдар бірігіп жүргізуі қажет...», – деді министрдің міндетін атқарушы.

Дәурен Ерболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу