Алдағы уақытта мопед жүргізушілеріне веложол, веложолақ, тротуар мен жол жиегімен жүруге тыйым салынуы мүмкін

446

Сәйкесінше, мопедшілер кәдімгі көлік құралдары секілді даңғыл, көшелермен қозғалуға міндетті.

Алдағы уақытта мопед жүргізушілеріне веложол, веложолақ, тротуар мен жол жиегімен жүруге тыйым салынуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Ішкі істер министрлігі әзірлеген құжат қоғамдық талқылауға шығарылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ал жаңа өзгерістер бойынша оларға жолаушы және жүк тасымалымен айналысуға шектеу қойылып отыр.

Егер өзгерістер мақұлданса, мопед жүргізушілері автомобиль жолымен жүруге міндеттеледі.

Жоба аясында мопед, электросамокат және велосипед жүргізушілері үшін бірқатар талап қарастырылып отыр. Мәселен, жүргізуші қозғалыс кезінде транспортты кем дегенде бір қолмен ұстауы қажет. Әрі арнайы құрылғысы жоқ мопедтермен жолаушы және жүк тасымалдауға болмайды. Мопед, электросамокат, велосипедтерді сүйреуге де тыйым салынады. Әрі көлігінен түспей жаяу жүргіншілер жолын кесіп өтуге рұқсат жоқ.

Ең бастысы жол бойында шлемсіз жүрмеуге тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу